Күрес 17 Қыркүйек, 2018 (0) (153)

Седнева - Гран-при турнирінің жеңімпазы

 Минск қаласында еркін күрестен Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Александр Медведь атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті.


Еркін және әйелдер күресінен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық турнирде Қазақстаның әйелдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Атап айтсақ, 55 келі салмақта күрескен Марина Седнева финалда ресейлік балуаннан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. 50 келіде Валентина Ислямова - күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, 53 келідегі Аиша Уалишан, 68 келіде ел намысын қорғаған Екатерина Ларионова мен 72 келідегі Жәмила Бақбергенова Медведь атындағы турнирдің қола жүлдесіне ие болды.

wrestling.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру