Волейбол 17 Қыркүйек, 2018 (0) (251)

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан тағы да ұтылды

Әйелдер арасында Қазақстанның екінші құрамасы Таиландта Азия кубогының екінші матчында Аустралияға жол берді.

Қазақстандық волейболшылар бұл матчта да есепте алда болғанымен, жеңісті ұстап қала алмады – 2:3 (25:21, 20:25, 23:25, 25:20, 12:15). Осылайша, топтық кезеңде екінші матчта да жеңілді. Енді, 18 қыркүйекте Астана уақытымен 15:00-де Филлипин құрамасымен күш сынасады. Айта кетейік, Қазақстанның негізгі құрамасы Жапонияда жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұлттық құрама 30 қыркүйекте әлем чемпионатына қатысады.

Дереккөз: Prosports.kz/Сурет: volley.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру