Alaman Ақпарат 17 Қыркүйек, 2018 (0) (143)

Денис Теннің қазасына қатысты іс қыркүйектің соңына дейін сотқа жеткізіледі

Бұл туралы Қалмұхамед Қасымов мәлімдеді деп хабарлайды Alaman.kz Today.kz - ке сілтеме жасап. 


"Денис Тенге байланысты айтар болсам, бір қылмыскерді бір рет сот, бір рет прокурор, бір рет тергеуші босатып жіберген. Екінші қылмыскерді бір рет сот босатқан, екі рет тергеуші еркіндікке жіберген. Яғни олардың білетіні сол, татуласып, еркіндікке шыққан соң әрі қарай да қылмыспен айналыса берген. Қазір шешім қабылданып жатыр. Екі қылмыскерге ұрлық, тонау, кісі өлімі бойынша айып тақтық. Әйел адам қылмысты жеткізбегені үшін айыпталды. Қыркүйектің соңына дейін іс сотқа жетеді", – деді Қасымов. 

ІІМ Бас прокуратурамен біріге отырып заңға өзгеріс енгізбек. Қайталанған қылмыс ауыр қылмысқа жатуы мүмкін. 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру