Желідегі жазбалар 15 Қыркүйек, 2018 (0) (671)

Көсемәлі Сәттібайұлы: «Не бел, не белбеу кетеді»

Головкин мен Канело жекпе-жегінің алдындағы салмақ өлшеу рәсімі төбелеске ұласып кете жаздады. Өйткені сабырлы қалпынан қашанда өзгермейтін Генамен көзбен атысуға шыққан Канело маңдайымен Генаның маңдайын әдейі сүзе кеп тоқтады. Түрі әлемтапырық, өте ызалы. Бірақ оның бұл "ойыны" Генаға түк әсер еткен жоқ, "жиренге" тарпа бас салуға ол да дайын тұрды. Абырой болғанда, Гена мен Канелоның арасына бапкерлер түсіп, екеуін екі жаққа алып кетті.
Байқағаным, Генаның денесі ірілеу көрінді. Канело былтырғыдай емес, шүмпиіп қалыпты. Салмағы да Генадан сәл аздау болды (159, 6 - 159, 4).
Сонымен, ертең азанда жекпе-жек. "Не бел кетеді, не белбеу кетеді" дегенді қазақ осындайда айтса керек!
Қазақ боксшысының абыройы арта берсін!



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру