Хоккей 15 Қыркүйек, 2018 (0) (152)

Барыс алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады alaman.kz сайты.

ҚХЛ жаңа маусымында екінші кездесуін өткізген «Барыс» командасы алғашқы жеңісін тойлады. Астанада өткен мачта жергілікті клуб «Торпедоны» 4:1 есебімен  ұтты.

Голдар: Мэтт Фрэттин, Брэндон Боченски, Андре Петерссон – Дмитрий Марковин.

Бір апта бұрын астаналық клуб «Торпедоға» сырт алаңда есе жіберген еді. 5:3 есебімен алда тұрып, матч соңында шайба жіберіп, ойын овертаймға дейін созылған. Овертаймда ресейлік хоккейшілер шеберлік танытып, 6:5 есебімен жеңісті жұлып алған болатын.

«Барыс» келесі ойынын 16 қыркүйек күні өткізіп, өз алаңында «Ак Барсты» қабылдайды.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру