Бокс 14 Қыркүйек, 2018 (0) (12)

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар: Силезиядағы бокс бәсекесінде үш отандасымыз финалға шықты

Сонымен қатар, 5 аруымыз жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Қазақстан бокс қауымдастығы хабарлайды.

Польшада өтіп жатқан әйелдер арасындағы халықаралық турнирде Әйгерім Қасенаева (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі)  мен Ләззат Күнгейбаева (81 жоғары салмақ)  алтын медаль үшін шаршы алаңға көтеріледі. Гливице шаһарында ширек финалдық кездесулер өз мәресіне жетті. Одан сүрінбей өткен Мадина Нұршаева (64 келі), Милана Сафронова (64 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Владислава Кухта (57 келі) мен Фариза Шолтай (81 келі) жартылай финалда бақтарын сынайды. Сондай-ақ, Дариға Шакимова (75 келі) қола медаль еншіледі.

Әйгерім Қасенаева (48 келі) 1/2 кезеңінде франциялық Мари Коннаннан басым түсті. Енді ол финалда 5 дүркін әлем чемпионы Мэри Коммен (Үндістан) жүздеседі.

Жайна Шекербекова (51 келі) жартылай финалда тағы бір үнді елінің өкілі Рита Гревалды тізе бүктірді. Ақтық кездесуін жергілікті Сандра Дарибикпен өткізеді. 

Фариза Шолтай (81 келі) ширек финалда ресейлік Мария Уракованы ұтты. Ләззат Күнгейбаева (81 жоғары салмақ) болса Сильвия Кусяктан (Польша) айласын асырды. Есеп 5:0.

14 қыркүйекте жекпе-жектер екі мезгілде өтеді. Астана уақыты бойынша 15:00 және 21:00. 15 қыркүйек жарыстың соңғы күні жекпе-жектер 21:00 жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру