Жеңіл атлетика 14 Қыркүйек, 2018 (0) (45)

«Астана» халықаралық марафонына 4 мыңнан астам адам қатысады

Алдағы 16 қыркүйекте елордамызда дәстүрлі «Астана» марафоны өтеді.

Биылғы марафонға Қазақстаннан бөлек, Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания сынды әлемнің 20 мемлекетінен4000-ға жуық адам қатысуға ниет танытқан. Оның ішінде 320 кәсіби спортшы болады.

Марафон өтетін тас жол IAAF-тың (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) арнайы сертификатын алған болатын.

Биылғы жылы «Астана» марафоны екі қашықтық бойынша 42 шақырым 195 метр және 10 шақырым бойынша өткізіледі. Марафонға қатысу құны 42.2 шақырымға 8000 теңге, 10 шақырымға 4000 теңге. Қалыптасқан дәстүр бойынша жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.

Марафон 16 қыркүйек күні сағат 07:00 мен сағат 13:00 аралығында өтеді. Қатысушылар жиналатын орын: Рысқұлов көшесінің Түркістан көшесімен қиылысы, Р4 тұрағы (ЭКСПО-а қарсы) таңғы сағат 06:00-де.

Биыл Astana Marathon Халықаралық марафондар және жүгірушілерр қауымдастығының (AIMS) күнтізбесіне енді. Сондай-ақ, «Астана» марафоны Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының Bronze Label құрметті сертификатын алуға үміттеніп отыр. Көптеген шетелдік агенттердің Astana Marathon-ды өтетін аумақтағы жердің жазықтығына және климатына байланысты таңдайды. Өйткені бұл жағдайлар жүгірушілерге қашықтықты оңай бағындыруға және әлем рекордтар орнатуға мүмкіндік береді.

Биыл Эфиопия, Кения, Эритрея және Уганда елдерінен қатысушылар келеді. Еске салсақ, өткен жылы Astana Marathon Қазақстанның 22 қаласынан және 19 мемлекеттен 16 мен 80 жас аралығындағы 5 мың қатысушының басын қосқан болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру