Хоккей 13 Қыркүйек, 2018 (0) (11)

Halyk Arena мұз кешенінде «Алматы» ХК Қазақстан чемпионатындағы ойындары басталады

Қыркүйектің 15-і мен 16-ы күндері Halyk Arena мұз кешенінде шайбалы хоккейден «Алматы» ерлер хоккей командасының Қазақстан чемпионатыдағы ойындары басталады, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлай

Қазақстанның ашық чемпионатында 10 команда өнер көрсетеді:

·         Алматы ХК (Алматы)

·         Алтай-Торпедо ХК (Өскемен)

·         Арлан ХК (Көкшетау)

·         Астана ХК (Астана)

·         Бейбарыс ХК (Атырау)

·         Горняк ХК (Рудный)

·         Eртiс ХК (Павлодар)

·         Құлагер ХК (Петропавловск)

·         Номад ХК (Астана)

·         Теміртау ХК (Теміртау).


Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай жинаған 8 команда, келесі үшінші кезеңге өтеді. Ол кезеңде ұтылған командалар «жарыстан шығып қалады», ал, ұтқан командалар жарысты жалғастырып, өзара Қазақстан чемпиондығын сарапқа салады.

Былтырғы 2017-2018 жж. маусымда алматылықтар  чемпионатта 96 ұпай жинап, 4-ші орын алған болатын. Осылайша олар «play-off» кезеңіне өтіп, «Теміртау» клубынан ұтылып қалған.  Ал, былтырғы маусымның  жеңімпазы көкшетаулық «Арлан» атанды.

 

«Алматы» ХК бұл чемпионаттағы өз аренасындағы ойындар Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекцисяының  қолдауымен өтеді.

Айта кетер жайт, «Алматы» ХК-ның өз алаңындағы алғашқы кездесуі осы сенбі, 15-ші қыркүйек күні атыраулық «Бейбарыс» командасына қарсы өтеді. Басталуы 17:00-де.


Назарларыңызда «Алматы» ХК-ның қатысуымен өтетін ойындардың кестесі:


ҚЫРКҮЙЕК
02-03.09 - Алтай Торпедо - Алматы (жексенбі, дүйсенбі)
06-07.09 - Epтic - Алматы (бейсенбі, жұма)
15-16.09 - Алматы - Бейбарыс (сенбі, жексенбі)
21-22.09 - Алматы - Арлан (жұма, сенбі)
27-28.09 - Алматы - Номад (бейсенбі, жұма)


ҚАЗАН
01-02.10 - Алматы - Горняк (дүйсенбі, сейсенбі)
08-09.10 - Құлагер - Алматы (дүйсенбі, сейсенбі)
12-13.10 - Арлан - Алматы (жұма, сенбі)
17-18.10 - Теміртау - Алматы (сәрсенбі, бейсенбі)
23-24.10 -Алматы - Теміртау (сейсенбі, сәрсенбі)


ҚАРАША
13-14.11 - Алматы - Epтіc (сейсенбі, сәрсенбі)
17-18.11 - Алматы - Алтай Торпедо (сенбі, жексенбі)
24-25.11 - Номад - Алматы (сенбі, жексенбі)
29-30.11 - Астана - Алматы (бейсенбі, жұма)


ЖЕЛТОҚСАН
05-06.12 - Алматы - Астана (сәрсенбі, бейсенбі)
10-11.12 - Горняк - Алматы (дүйсенбі, сейсенбі)
14-15.12 - Бейбарыс - Алматы (жұма, сенбі)
18-19.12 - Алматы - Құлагер (сейсенбі, сәрсенбі)

Естеріңізге сала кетсек, жұмыс күндері барлық ойындар сағат 19:00-де, ал, ресми мереке және демалыс күндері сағат 17:00-де басталады. Билеттерді  Halyk Arena, Almaty Arena, Б. Шолақ атындағы спорт сарайы  және Республика сарайы кассаларында, сондай-ақ kassir.kz  сайтында  алуға болады.  Бағасы: 300 теңге.




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру