Күрес 13 Қыркүйек, 2018 (0) (64)

Дзюдодан әлем чемпионатының жүлде қоры белгілі болды

20-27 қыркүйек күндері Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді.

Әлем біріншілігіне 130 елден 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша чемпиондық атаққа таласады. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, әлем чемпиондарына 26 мың, күміс жүлдегерге 15 мың еуро, ал қола жүлдегерге 7 мың доллар сыйақы беріледі. 

Сурет: prosports.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру