Волейбол 13 Қыркүйек, 2018 (0) (55)

Алматыда жағажай волейболынан XXII ел чемпионаты аяқталды

Оған Алматы, Талдықорған және Ақтау қалаларынан келген 16 ерлер және 9 әйелдер командалары қатысты.

Ерлер арасындағы жарыста ең әсерлі болған «Буревестник-2» (Алматы) мен «Каспий» (Ақтау) жартылай финалдық кездесуі. Екі ұжымда өте керемет ойын көрсетіп, нәтижесінде алматылықтар жеңіске жетті. 

Бұл жарыста ерлер арасында үшінші орынға «Каспий» волейболшылары Алексей Кулешов пен Александр Бабичев жұбы жайғасты. Екінші орында алматылық «Буревестник-2» ойыншылары Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату болса, жеңімпаз болып «Буревестник-1» спортшылары Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко атанды. Олар осылайша тағы бір мәрте Қазақстан чемпиондары атағын қорғап қалды.

Ал, әйелдер арасындағы бәсекелестікте екінші және үшінші орындарға үш команда бақ сынасты: Бахтыгүл Самаликова мен Анастасия Уколова (ПВК «Каспий»), сондай-ақ «Алматы» командасының екі жұбы – Таңсұлу Қайырбекова мен Мадина Өтеулина және Алина Раченко мен Елизавета Еропкина. Жеребенің қорытындысы бойынша алғашқы жартылай финалда бірінші алматылық жұп пен ақтаулықтар кездесті, ал, екінші алматылық жұпқа Талдықорғанның «Жетісу» ойыншылары Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова қарсылас болды.

Ойынның 1/4 финалында Өтеулина тобығын жарақаттап алған болатын, алайда, ол оған финалдық кездесуге шығуға еш кедергі келтірмеді. Өкінішке қарай, олар ақтық сынға жолдама ала алмады. «Каспий»  волейболшылары финалада «Жетісу» командасымен кездесті. Қарымта өткен ойында Машкова мен Цимбалова 18-жасар Еропкина мен Раченконы қиындықсыз ұтты. Қола жүлде үшін өткен кездесуде тәжірибелі ойыншылар Қайырбекова мен Өтеулина өздерінің жас қарсыластарын жеңді.


Нәтижесі:

7-9 қыркүйек

Әйелдер

1. Татьяна Машкова, Ирина Цимбалова - «Жетісу» ВК (Талдықорған)

2. Бахтыгүл Самаликова, Анастасия Уколова - ПВК «Каспий» (Ақтау)

3. Таңсұлу Қайырбекова, Мадина Өтеулина - «Алматы» ВК (Алматы)

Ерлер

1. Александр Дьяченко, Алексей Сидоренко - «Буревестник-1» (Алматы)

2. Дмитрий Яковлев, Сергей Богату - «Буревестник-2» (Алматы)

3. Александр Бабичев, Алексей Кулешов - «Каспий» (Ақтау)

Дереккөз: www.volley.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру