Баскетбол 13 Қыркүйек, 2018 (0) (40)

Конфедерация кубогы: облыстық командалар 14 қыркүйекте ширек финалдa кездесулерін бастайды

Іріктеу ойындары Ақтау мен Қызылжарда өтеді.

Конфедерация Кубогы: B және D топтарына тап болған облыстық командалар 14 қыркүйекте ширек финалдық кездесулерін бастайды

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының Кубогы жолындағы жарысқа жыл сайын барлық өңірлердің командалары қатысады. Жеңіс тұғырынан көрінген құрама 25 миллион теңгені қанжығасына байлайды

Өткен аптада А және С топтарындағы облыс командалары арасындағы ширек финал кездесулері Павлодар мен Шымкент қалаларында өтіп, Қарағанды облысының былғары қолғап шеберлері мен шым қаланың жергілікті құрамасы жартылай финалға жолдама алды.

Ал енді осы аптада өтетін жекпе-жектер туралы...

В тобында Астана қаласы, Атырау облысы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

D тобына Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Қызылорда мен Ақмола облыстары кіріп отыр.

В тобындағы іріктеу кезеңі Петропавл, ал D тобындағы ширек финал ойындары Ақтауда ертең басталып 16 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер кеңесінің шешіміне сәйкес, боксшылар әдеттегідей 10 салмақ бойынша емес, 8 салмақ дәрежесінде бақтарын сынайды. Ұйымдастырушылар Халықаралық олимпиада комитеті ұсынып отырған жаңашылдықтарды негізге ала отырып осындай тоқтамға келді.

Әр топқа түскен облыс құрамалары (1 топта 4 команда) бір-бірімен шаршы алаңда бақтарын сынайды. Ұтқан командаға 1 ұпайдан беріліп отырады. 3 кездесудің нәтижесі бойынша қорытынды есебі шығарылып, ұтқан құрама жартылай финалға жолдама алады.

Ақтық кездесу кезінде боксшылармен бірге тхэквондошылар, грек-рим, еркін күрес өкілдері мен жудошылар бақтарын сынайды. Бұл спорт түрлерінің федерациялары «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының» құрамында. Жартылай финал мен финалдық кездесулер тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді деп жоспарланған.

В тобындағы сайыстар 14 мен 16 қыркүйек аралығында Петропавлдағы «Жеңіс» ( Ж.Жабаев көшесі 177) спорткешенінде 16:00 басталады.

D тобындағы жекпе-жектер де ертең Ақтаудағы «Маңғыстау Арена» спорт сарайында 14:00 жалауын көтереді.

kfb.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру