Жеңіл атлетика 13 Қыркүйек, 2018 (0) (9)

Құрлықаралық кубок-2018: Арулардан кімдер жеңіске жетті?

Чехияның Острава қаласында үшінші Құрлықаралық кубок өз мәресіне жетті. Бұл жарысты ұйымдастырушы – Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы (IAAF).

Бұл дода бұрынғы Әлем кубогының орнына 2010 жылдан бері әрбір 4 жыл сайын сарапқа салынып келеді. Биыл осымен үшінші рет өткізілді.

Ең алғаш Құрлықаралық кубокты Хорватияның Сплит қаласы, 2014 жылы Марокконың Марракеш қаласы қабылдады. Ал биыл бұл жарыс Чехияның Острава қаласында өтті.

Жалпы, командалық есепте 262 ұпай жинаған Америка құрлығының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынға Еуропа құрамасы (233) жайғасса, үштікті Азия-Мұхит елдері түйіндеді. Африкадан келген құрама төртінші орында қалып қойды (142).

Азия-Мұхит елдері құрамасы сапында қазақстандық екі спортшы өнер көрсетті. Үш қарғып секіруден Ольга Рыпакова (14.26) екінші орын алса, 200 метрге жүгіруден Виктория Зябкина мәреге сегізінші келді.

Осы ретте әйелдер арасындағы сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегелерін назарларыңызға ұсынамыз.

Острава (Чехия). Құрлықаралық кубок-2018. 8-9 қыркүйек.

Әйелдер:

100 метрге жүгіру

1. Мари-Жозе Та Лу (Кот-дꞌИвуар, Африка) – 11.14;

2. Дина Эшер-Смит (Ұлыбритания, Еуропа) – 11.16;

3.Дженна Прандини (АҚШ, Америка) – 11.21.

200 метрге жүгіру

1. Шона Миллер-Уйбо (Багам аралдары, Америка) – 22.16;

2. Дафне Схипперс (Нидерланды, Еуропа) – 22.28;

3. Мари-Жозе Та Лу (Кот-дꞌИвуар, Африка) – 22.61.

400 метрге жүгіру

1. Сальва Эйд Насер (Азия-Мұхит елдері) – 49.32;

2. Кастер Семеня (ОАР, Африка) – 49.62, ұлттық рекорд;

3. Стефени Энн Макферсон (Ямайка, Америка) – 50.82.

800 метрге жүгіру

1.Кастер Семеня (ОАР, Африка) – 1.54, 77;

2.Эджи Уилсон (АҚШ, Америка) – 1.57,16;

3.Натойя Гуль (Ямайка, Америка) – 1.57,36.

1500 метрге жүгіру

1. Винни Чебет (Кения, Африка) – 4.16,01;

2. Шелби Хулихан (АҚШ, Америка) – 4.16,36;

3. Рабабе Арафи (Марокко, Африка) – 4.17,19.

3000 метрге жүгіру

1. Сифан Хассан (Нидерланды) – 8.27, 50, Құрлықаралық кубоктың рекорды;

2. Сенбере Тефери (Эфиопия, Африка) – 8.32,49;

3.Хеллен Обири (Кения, Африка) – 8.36,20.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру

1. Беатрис Чепкоеч (Кения, Африка) – 9.07,92, ұлттық рекорд;

2.Кортни Фрерикс (АҚШ, Америка) – 9.15.22;

3.Уинфред Яви (Бахрейн, Азия-Мұхит елдері) – 9.17,86.

100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

1. Даниэль Уильямс (Ямайка, Америка) – 12.49;

2.Кедра Харисон (АҚШ, Америка) – 12.52;

3.Памела Дуткевич (Германия, Еуропа) – 12.82.

400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру

1.Джанив Расселл (Америка) – 53.62

2.Шамир Литтл (АҚШ, Америка) – 53.86;

Анна Рыжикова (Украина, Еуропа) – 54.47.

Биіктікке секіру

1. Мария Ласицкене (бейтарап атлет, Еуропа) – 2.00;

2.Светлана Радзивил (Өзбекстан, Азия-Мұхит елдері) – 1,95.

3. Леверн Спенсер (Сент-Люсия, Америка) – 1.93.

Сырықпен секіру

1.Анжелика Сидорова (бейтарап атлет, Еуропа) – 4.85, Құрлықаралық кубоктың рекорды;

2.Екатерини Стефаниди (Грекия, Еуропа) – 4.85, Құрлықаралық кубоктың рекорды;

3.Сэнди Моррис (АҚШ, Америка) – 4.85, Құрлықаралық кубоктың рекорды;

Ұзындыққа секіру

1.Катрин Ибаргуэн (Колумбия, Америка) – 6.93, ұлттық рекорд;

2.Брук Стрэттон (Аустралия, Азия-Мұхит елдері) –6.71;

3.Малайка Михамбо (Германия, Еуропа) – 6.86.

Үш қарғып секіру

1.Катрин Ибаргуэн (Колумбия, Америка) – 14.76;

2. Ольга Рыпакова (Қазақстан, Азия-Мұхит елдері) – 14.26;

3. Параскеви Папахристу (Грекия, Еуропа) – 14.22.

Ядро серпу

1.Гун Лицзяо (Қытай, Азия-Мұхит елдері) – 19.63;

2.Рейвен Саундерс (АҚШ, Америка) – 19.74;

3.Кристина Шваниц (Германия, Еуропа) – 19.73.

Диск лақтыру

1.Яйме Перес (Куба, Америка) – 65.30;

2.Сандра Перкович (Хорватия, Еуропа) – 68,44;

3.Чэнь Ян (Қытай, Азия-Мұхит елдері) –63.34.

Балға лақтыру

1.Дианна Прайс (АҚШ, Америка) – 75.46, Құрлықаралық кубоктың рекорды;

2.Анита Влодарчик (Польша, Еуропа) – 73.45;

3.Ло На (Қытай, Азия-Мұхит елдері) – 67.39.

Найза лақтыру

1.Люй Хуэйхуэй (Қытай, Азия-Мұхит елдері) –63.88;

Кристин Хуссонг (Германия, Еуропа) – 62.96;

Кара Уингер (АҚШ, Америка) – 60.38.

4х100 метрлік эстафета

1. Америка (Анхела Тенорио, Шона Миллер-Уйбо, Дженна Прандини, Витория Роза) – 42.11;

2. Еуропа (Кристал Авуа, Имани Лансикот, Бьянка Уильямс, Дина Эшер-Смит) – 42.55;

3. Азия-Мұхит елдері (Кун Линвэй, Вэй Юнли, Гэ Маньци, Юань Цици) – 42.93.

Дереккөз: kazathletics.kz



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру