Футбол 12 Қыркүйек, 2018 (0) (38)

Логвиненко үздік алтылыққа енді

Ұлттар лигасы. 2 тур
Андорра – Қазақстан – 1:1 (Алаес, 86 – Логвиненко, 68)

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненко бұл кездесуде құрама сапындағы бесінші голын енгізді. Нәтижелілік бойынша ол құрама тарихындағы үздік мергендер алтылығына енді:

1. Руслан Балтиев (1997-2009) – 13 гол
2. Виктор Зубарев (1997-2002) – 12
3. Дмитрий Бяков (2000-2008), Сергей Хижниченко (2009-…) – 8
4. Нұрбол Жұмасқалиев (2001-2014) – 7
5. Игорь Авдеев (1996-2005), Олег Литвиненко (1996-2006), Сергей Остапенко (2007-2014) – 6
6. Юрий Логвиненко (2008-…), Қайрат Нұрдәулетов – 5

Құрама мергендері ішінде Ю.Логвиненко – үздік алтылыққа енген тұңғыш қорғаушы. Қ.Нұрдәулетов те соңғы жылдары қорғаушы болды, бірақ оның негізгі орны алаңның ортасы екенін жақсы білеміз.

Ал ресми матчтарда гол соғу көрсеткіші бойынша Ю.Логвиненко құрама мергендерінің үздік бестігіне кіреді:

1. В.Зубарев – 9 гол
2. Р.Балтиев – 8
3. Д.Бяков – 7
4. И.Авдеев, С.Хижниченко, О.Литвиненко, С.Остапенко – 5
5. Ю.Логвиненко — 4

Дереккөз: statsport.kz.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру