Футбол 12 Қыркүйек, 2018 (0) (24)

«БИИК-Қазығұрт» «Барселонаны» жеңді

«БИИК-Қазығұрт» командасы чемпиондар лигасының 1/16 финалы аясында «Барселона» клубын жеңді, деп хабарлайды alaman.kz сайты.

Шымкент қаласында өткен кездесуде қазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.

"БИИК-Қазығұрт" - Барселона 3:1

Голдар: Алексия Путельяс 45+2 (өз қақпасына), Фазила Иквапут 49, Гүлнара Габелия 60 - Тони Дагган 66.

Шымкентік ұжым осыған дейін каталониялық клубпен УЕФА чемпиондар лигасының дәл осы кезеңінде жолыққан. 2016 жылы қос матч қорытындысы бойынша 2:5 (өз алаңында 1:1, түзде 1:4) есебімен жол берген еді.

"БИИК-Қазығұрт" топтық кезеңде "Эльпидес Кардицас" (Грекия), "Рифас ФС" (Латвия), "Ландхаус" (Австрия) командаларын жеңіп, квартетте көш бастаған.

Жауапте кездесу 26 қыркүйек күні Испанияда өтеді. Егер отандастарымыз "Барселонадан" айласын асырып, келесі кезеңге шықса өз тарихында алғаш рет 1/8 финалда бақ сынайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру