Бокс 12 Қыркүйек, 2018 (0) (35)

Геннадий Головкин - ХХI ғасыр үздігі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин орта салмақ тарихындағы үздік боксшылар тізіміне енді, деп жазады alaman.kz сайты

ESPN телеарнасының журналисті Найджел Коллинз Головкин – Алварес кездесуі алдында орта салмақтағы үздік боксшылар тізімін жасады. Бұл тізімде WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған отандасымыз екінші орынға жайғасты. TOP-10 Бернард Хопкинс (АҚШ) бастап тұр. Үздік үштікті мексикандық Сауль Альварес түйіндеді.

ТОР-10 енген боксшылар рейтингі:

4. Серхио Мартинес (Аргентина);

5. Келли Павлик (АҚШ);

6. Джермейн Тэйлор (АҚШ);

7. Дэниэл Джейкобс (АҚШ);

8. Билли Джо Сондерс (Ұлыбритания);

9. Артур Абрахам (Германия);

10. Джермалл Чарло (АҚШ).

Боксшыларды жан-жақты саралап, әр іс-қимылына баға берген Найджел Коллинз Головкиннің соққылары өзге спортшыларға қарағанда дөп тиетіндігін алға тартты. Америкалық маманның айтуы бойынша, Қарағанды тумасы раунд бойына орта есеппен 25 дәл соққы бағыттайды екен.

GGG – Канело реваншы 15 қыркүйек күні T-Mobile (Лас-Вегас, АҚШ) спорт кешенінде өтеді. Егер Головкин аталмыш айқаста жеңіп шықса чемпиондық атақты қорғау бойынша Бернард Хопкинсті басып озатын болады. Екі боксшының қоржынында чемпион ретінде өткізген 20 кездесуден бар. Мұндай межеге Хопкинс 1995-2005 жылдары жетсе, Головкинге небәрі 8 жыл жеткілікті болды.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру