Теннис 11 Қыркүйек, 2018 (0) (196)

Алматыда халықаралық үстел теннисінен дәстүрлі дода өтеді

12-қыркүйекте басталатын аталмыш турнир – әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан ұлттық құрамасына спортшыларды іріктейтін кезеңдердің бірі.

Бас құраманың мүшелері мен кандидаттарынан өзге, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан спортшылары да бақ сынасатын болады.

Ресей Федерациясы атынан Екатеринбургтен келген Урал таулы-металлургиялық компаниясының (УГМК) ойыншылары қатысады. Бұл команда өз тарихындағы 11 жылдың ішінде 4 рет Ресей чемпионы атанған болатын. 2013 жылы Еуропа кубогының жеңімпазы атанса, 2012 жылы еуропалық лига чемпиондарының күміс жүлдегері атағын алған еді. Бұған қоса, еуропалық турнирдің бірнеше дүркін жартылай финалисі.

Өзбекстанның абыройын Ташкент пен Андижан қалаларынан келген ұлттық құрама спортшылары мен әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары қорғамақ.

Ал, еліміз атынан ұлтық құраманың мүшелері мен көптеген сайыстардың қатысушылары әрі спорт шеберлері сынға түседі.





Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру