Жекпе-жек 11 Қыркүйек, 2018 (0) (53)

Ақтөбеде алғаш рет Азия деңгейіндегі кәсіпқой бокс кеші өтеді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында  Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов мәлімдеді

15 қыркүйек күні «Қоныс» спорт кешенінде 22 кәсіби былғары қолғап шеберлері қатысатын кәсіпқой бокс кеші өтеді. Аталмыш іс шараны Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «TUKESHOV BOXING PROMOTIONS»  компаниясы ұйымдастырып отыр.

«Кәсіпқой бокс кешінің қатысушылары ретінде Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Филиппин және Қазақстан спортшылары болады. Көрермендер 11 толық жекпе-жекті тамашалайды. Шаршы алаңда еліміздің намысын Ибрагим Ескендір, Уалихан Бисенқұлов, Арман Рысбек, Руслан Мырсатаев сондай-ақ, ақтөбелік Дастан Садуұлы мен Медет Айдос қорғайтын болады. Кештің басты жекпе-жегінде Бобыржан Момынов WBC нұсқасы бойынша Азия чемпионатының атағы мен NBA нұсқасы бойынша Inter - Continental чемпионы атағы үшін күреседі», - деді басқарма басшысы.

Бұл шараның құрметті қонақтары ретінде кәсіби бокстан WBA ABCO Continental нұсқасы бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам, WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов, бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев және Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қатысады.

Жалпы алғанда жекпе-жек Ақтөбеде алғаш рет кәсіби боксты дамыту мақсатында өткізілгелі отыр.

Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру