Футбол 11 Қыркүйек, 2018 (0) (206)

Қолда тұрған жеңістен айырылды. Қазақстан сырт алаңда Андоррамен тең түсті

Ұлттар лигасы аясында Андорра өз алаңында Қазақстанмен тең түсті.

Бірінші таймда ойын толықтай қонақтардың басымдылығымен өтті. Алаң иелері қонақтардың қақпасына бір соққы  жасай алмады.

Екінші таймда ойын өзгерді. 68-минутта Бауыржан Исламхан бұрыштама добын орындап, Юрий Логвиненко қонақтардың қақпасына алғашқы голды соққан болатын.

76-минутта Серікжан Мужиков екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

84-минутта Дмитрий Шомконың қателігінен кейін, Андорра ойыншысы Алаез таразы-басын теңістірді. Қорытынды есеп – 1:1.

Енді, Қазақстан 13 қазан күні сырт алаңда Латвия құрамасымен кездеседі.      

Сурет: Kazfootball.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру