Футбол 10 Қыркүйек, 2018 (0) (193)

Андорра және Қазақстан: Салыстыру

Ұлттар лигасы аясында өтетін Андорра және Қазақстан арасындағы кездесу алдында құрамаларды әр қырынан салыстырып көрейік.

ФИФА рейтингі бойынша.

Қазақстан 116-орында, ал Андорра құрамасы 130 орында.

Стадион.

Андорра құрамасының стадионы «Эстади Наьональ» 3300 адамға есептелген.

Қазақстанның стадионы «Астана Аренаға» 30 000 адам сыяды.

Трансфер құны.

Барлық футболшылардың трансфер бағасын есептегенде Андорра құрамасы 225 мың еуро тұрады.

Қазақстанның бағасы 19,70 млн еуроны құрайды.

Ең қымбат ойыншы.

28 жасар Андорраның қорғаушысы Марк Вале 100 мың еуроға бағаланып отыр.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы және капитаны Дмитрий Шомко 2,5 млн еуро тұрады.  

Орташа жас есебі.

Андорра футболшыларының орташа жас мөлшері 28,8, ал Қазақстан ойыншыларының орташа жасы – 26,7.

Соңғы он ойын.

Андорра құрамасы соңғы он ойында 3 тең ойын өткізіп, 2 мәрте жеңіске жетіп және 5 рет жеңіліс тапқан. Он матчтың сегізінде гол соға алмай, 11 гол жіберген.

Қазақстан құрамасы соңғы он ойында 2 рет жеңіске жетіп, 1 мәрте тең ойын ойнап және 7 рет жеңіліс тапқан. Он ойын ішінде 21 рет гол жіберіп, қарсылас қақпасына 10 гол соққан.   

Дереккөз: transfermarkt.de



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру