Футбол 10 Қыркүйек, 2018 (0) (188)

Кольдо Альварес: «Қазақстан - топтағы ең мықты қарсылас»

Андорра құрамасының бас бапкері Кольдо Альварес матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді.


- Қазақстанға қарсы шығатын негізгі құрамда Латвиямен салыстырғанда өзгеріс бола ма?

- Матч алдындағы жаттығуыдан кейін белгілі болады.

- Қазақстан құрамасының Грузиядан жеңілгені туралы не ойлайсыз?

- Қазақстан құрамасы Грузиядан мықты деп санаймын. Ойын нәтижесі әділ емес деп ойлаймын. Қазақстан – топтағы ең мықты қарсылас. Кәсіби футболшылары көп. Тактикасын дұрыс. Команда капитанын ерекше атап өткім келеді. Өте мықты футболшы.

- Андорра құрамасы Венгрия және Беларусь елдерін жеңді. Қазақстан құрамасы бірінші орын алуды мақсат қояды. Андорраның жарыстағы мақсаты қандай?

- Ертең жақсы футбол көрсетуге ұмтыламыз. Латвиямен ойындағы жоспар арқылы жүреміз. Мықты құрама болғымыз келеді.

- Қазақстан құрамасының артықшылығы?

- Жылдамдықты атап өткім келеді.

Сурет: Kff.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру