Футбол 10 Қыркүйек, 2018 (0) (142)

Қазақстандық жас ойыншы Гранаткин Мемориалы турнирінің үздік сұрмергені атанды

Санкт-Петербургте 2000 жылы туған жасөспірімдер арасында халықаралық Гранаткин Мемориалы халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. 
Қазақстан құрамасы аталмыш турнирде жетінші орынға қол жеткізіп, «Астана» шабуылшысы Лев Скворцов үш гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды. Санкт-Петербург командасының шабуылшысы Данилл Шамкин де үш гол соқты. Және де Молдова құрамасының ойыншысы Александр Осипов пен Түркия шабуылшысы Юнус Акгюннің де еншісінде де үш голдан бар. Алайда, бұл ойыншылар бір голдарын пенальтиден соққан еді. Ал Скворцов пен Шамкин ғана өз голдарын ойыннан соқты.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру