Футбол 10 Қыркүйек, 2018 (0) (128)

Зидан: «Бапкерлік жұмысымды жақын арада жалғастырамын»

«Реал» клубының бұрыңғы бас бапкері Зинедин Зидан бапкерлік мансабын жақын арада жалғастыратынын айтты.

«Әрине, бапкерлік жұмысыма жақын арада ораламын. Маған өз жұмысым ұнайды. Бұл еңбегім үшін өмірімді арнадым десем еш қате болмас.» деп TVE-ге берген сұқбатында айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Зидан испандық «Реалда» 2016 жылдан 2018 жылға дейін бас бапкер қызметін атқарды. 46 жастағы француз Испания чемпионы атанып, УЕФА Чемпиондар Лигасын қатарынан үш рет жеңіп алған болатын. 

Сурет: As.com 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру