Футбол 10 Қыркүйек, 2018 (0) (198)

Станимир Стойлов: «Андорраға қарсы ойында шабуыл мен қорғанысқа бірдей қараймыз»

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына жауап берді:

- Ертеңгі ойынға дайындық қалай?

- Команда үшін жеңілістен кейін 2-3 күн қиын болды. Соңғы ойынды ұмытып, Андорраға дайындалдық. Ертең Латвиямен ойында жинақы футболымен таңғалдырған командаға қарсы қиын кездесу күтіп тұр.

- Қазақстан құрамасының капитаны Дмитрий Шомко Андоррамен өткен ойында үш ұпай алу туралы нақты мақсат бар екенін айтты. Қалай қол жеткізуге болады?

- Ертең өз футболымызды ойнаймыз. Ештеңе өзгертпейміз. Шабуыл мен қорғанысты қатар алып жүреміз. Ең бастысы шабуыл шебінде сенімді ойнау. Жеңіске жету үшін барлық амалды қолданамыз.

- Латвиямен өткен ойында Андорра құрамасы қай жағынан таңғалдырды?

- Ең бастысы - Андорра құрамасының ойынды ұйымдастыруы. Футболшылардың ниеті зор. Олар жақсы футбол көрсетті.

- Андорра құрамасынан ертең қандай футбол күтесіз?

- Андорра құрамасы соңғы жылдары өсті. Олар шабуылға шығып, гол соғуға ұмтылады. Алайда, барлығы біздің ойынымызға байланысты болмақ.

- Қазақстан құрамасы Андорраға үш күн бүрын келді. Таулы аймаққа бой үйрету қиын болмады ма? Стадионның жасыл алаңына қатысты пікіріңізді де білгіміз келеді. Біздің футболшыларға кедергі болмай ма?

- Андорра – жақсы мемлекет. Шағын мемлекет үшін стадион да жақсы. Ең бастысы – жасыл алаң сапасының нашарлығы. Таулы аймақтың ауа-райы кедергі болмайды.


ҚФФ


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру