Футбол 09 Қыркүйек, 2018 (0) (116)

«Манчестер Юнайтед» Погбаны Дибалаға ауыстыруы мүмкін

Картинки по запросу дибала погба


«Манчестер Юнайтед» туриндік «Ювентус» клубының ойыншысы Пауло Дибалаға көз салды.

Calciomercato басылымының мәліметінше, манкуниандықтардың бас бапкері Жозе Моуриньо аргентиналық футболшыны командасында көргісі келеді. Қысқы трансферлік маусым кезінде Дибаланы Поль Погбаға ауыстыруды жоспарлап отыр. 

Айта кетейік, туриндік клубқа Криштиану Роналду ауысқаннан соң Пауло Дибала негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды. Ал Поль Погба жаттықтырушы Жозе Моуриньомен ара-қатынасының нашарлауына байланысты командадан кеткісі келеді. Сол себепті бұл трансфер екі тараптың көңілінен шығады.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру