Футбол 08 Қыркүйек, 2018 (0) (168)

Джон Терри мәскеулік «Спартакқа» ауысуға жақын

«Челси» клубының бұрынғы қорғаушысы Джон Терри мәскеулік «Спартакқа» ауысуға жақын.


Командасыз жүрген 37 жастағы футболшы қазіргі уақытта мәскеулік клубта медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Ресейлік клубтың басшылығы Джон Терриді қорғаушысы Самюэль Жигоның жарақат алып қалуына байланысты шақыртуды жөн деп шешкен. Жиго маусымның жартысын жарақатының салдарынан өтізіп алуы мүмкін.

Өткен маусымда англиялық «Астон Вилла» командасында доп тепкен Джон Терри 35 ойынға қатысып, бір голмен көзге түсен.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру