Футбол 07 Қыркүйек, 2018 (0) (335)

АЛҒАШҚЫ РЕСМИ ОЙЫН – АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІЛІС

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасын сәтсіз бастады, деп хабарлайды alaman.kz сайты.

Аяқдоп әліміне жаңадан енген турнирдің алғашқы кездесуі «Астана Арена» стадионында өтті. 28 736 жанкүйер жинаған тарихи ойында отандастарымыз Грузия құрамасына 0:2 есебімен есе жіберді.

Голдар: Чакветадзе 69`, Малый 74` (автогол).

Матч статистикасы:

Қазақстан

Елдер

Грузия

55%

Допқа иелік ету пайызы

45%

15

Соққылар саны

10

4

Дәл бағытталған соққылар

3

17

Тәртіп бұзулар

12

5

Бұрыштамалар

5

2

Офсайд

2


Қазақстан құрамасы:

Эрич (қақпашы) – Шомко (капитан), Малый, Постников, Бейсебеков – Қуат, Исламхан, Жуков, Мужиков – Муртазаев, Щеткин.

Грузия құрамасы:

Лория (қақпашы) – Наваловский, Кашия, Кверквелия, Какабадзе – Меребашвили, Канкава (капитан), Квеквескири – Чаквеватзе, Казаишвили, Квилития.

ҮЗЕҢГІЛЕС ҚАРСЫЛАСТАР ОРДАСЫ

Әлем футболы жаңа бір аламанмен толықты. УЕФА-ның мұрындық болуымен ағымдағы жылы Ұлттар лигасы дүниеге келді. Ұлттар лигасына Еуропа елдері ғана ресми тіркеліп, қатыса алады. Аталмыш турнирдің басты ерекшелігі – деңгейлес құрамалардың өзара кім мықтыны анықтауы. Яғни, теңбілдоп шеберлері бөлек, орта деңгейлі құрамалар өзара және тізімнің соңындағы командалар бір-біріне қарсылас атанады.

Чемпионаттың форматына келсек:

·        Ұлттар лигасы екі жыл сайын ұйымдастырылады;

·        Маусымаралық үзіліс кезіндегі жолдастық кездесулерді алмастырады;

·        Құрамалар деңгейіне байланысты 4 жікке бөлінген (A, B,C, D). Барлығы 55 команданы құрайды;

·        А лигасында 12 құрама (әлемдік рейтинг үздіктері), В – 12 (орта деңгейлі құрамалар), С – 15 (ортаңқол елдер), D – 16 (төмен дәрежелі) бақ сынайды;

Үздік шыққан командалар алтынға таласады. Жарыс жолынан ерте шығып қалған топ-құрамалар төмен сырғып, тиісінше, едәуір жақсы нәтижеге қол жеткізген елдер жоғарылайды.

АЛҒАШҚЫ РЕСМИ ОЙЫН – АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІЛІС

«D» лигасының алғашқы тобына енген Станимир Стойлов шәкірттері өз алаңында жеңілді. Бұл болгар бапкерінің алғашқы ресми ойыны болатын. Осыған дейін 3 жолдастық кездесуде тізгін ұстап 2 жеңіс (Венгрия (3:2), Әзірбайжан (3:0), 1 ұтылыс (Болгария (1:2) тіркеген.

Осыған дейін Қазақстан мен Грузия 4 рет кездескен:

2005

Қазақстан

Грузия

1:2

2005

Грузия

Қазақстан

0:0

2013

Қазақстан

Грузия

1:0

2016

Грузия

Қазақстан

1:1

 

Ойын алдындағы пресс-конференцияда: «Біздің бүгінгі қауқарымыз бұрынғыдан қарымды. Соңғы 3 кездесуде алға ілгерілеу байқалады. Осы қарқынды ұстау қажет. Құрама бізден талап ететін деңгейді көрсететін болады. Жанкүйерлер бізді қолдайды деген үміттемін» деген ойымен бөліскен болатын. Дегенмен, жігіттер қорғаныста қанша сақ ойнауға тырысса да, олқылықтардың орны «тайға таңба басқандай» көрініп тұр. Алаң ортасындағы ойыншылар сәт сайын допты ұстап, тұрақты ойын көрсете алмады. Ал, шабуыл шебі біздің «шешілмес»мәселелеріміздің бірі.

Кездесуден кейін бас бапкер мен бірқатар футболшылар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді:

С.Стойлов: «Керексіз доп жібергеніміз өкінішті. Өз қателігіміздің арқасында опық жедік. Бізге сенімділік пен шабуылда жанкештілік жетіспеді» деді.

«Біз клубтардың көмегінсіз мықты құрама жасақтай алмаймыз. Бүгін ойыншыларға өте көп ауыртпалық түсті. Соның кесірінен олар толығымен ашыла алмады» деп сөзін жалғаған болгариялық, ҚПЛ командалары қазақстандық ойыншыларға ойын тәжірбиесін аз беретіндігін атап өтті.

«Бұрындары Қазақстан екінші нөмермен ойнайтын. Ал, бүгінгі ойында алғашқы нөмермен ойнауға тырыстық. Кейбір ойыншылар аяқ тартты. Дегенмен, мен өз бетімнен таймаймын. Егер жеңгін келсе – қорықпау керек» деп, ұлттық құрама ойынында алға ілгерілеу бар екендігін меңзеді.

Құрама капитаны Ненад Эрич: «Алда ойындар бар, барлығы ендігі ғана басталды» деді.

Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының күнтізбесі:

6.09.2018

Қазақстан

Грузия

0:2

11.09.2018

Андорра

Қазақстан

 ?

13.10.2018

Латвия

Қазақстан

 ?

16.10.2018

Қазақстан

Андорра

 ?

15.11.2018

Қазақстан

Латвия

 ?

19.11.2018

Грузия

Қазақстан

 ?



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру