Ауыр атлетика 03 Қыркүйек, 2018 (1) (697)

Ауыр атлетика чемпиондары

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты аяқталды.

Әйелдер арасында турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы облысы жеңіп алды. Екінші орынға Алматы құрамасы жайғасты. Түркістан облысы үшіншы орын иеленді. Ерлер арасында Қызылорда облысы көшбасшы атанды. Алматы облысы екінші, Шығыс Қазақстан облысы үшінші орындарға ие болды.

Бұл жолы жанкүйерлердің асыға күткені Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанлоның тақтайтұғырға шығуы болды. Екеуі де өз салмақтарында топ жарды. Алайда Ильин олимпиадалық салмақ болып саналмайтын 102 келіде сынға түсті және ол салмақта Ильядан бөлек, екі спортшы, яғни Әлішер Оразбек пен Эльдар Сембаев қана қатысты. Бірақ Ильин бұдане бұрын Токиода өтетін Олимпиадаға баруды жоспарлайтынын, оған кезең-кезеңімен дайындалатынын жеткізген. Чемпионның нағыз күшін Ашхабадта өтетін әлем чемпионатында байқайтын боламыз.

Сенсация деуге тұрарлық нәрсе 81 келі салмақ дәрежесіндегі жігіттердің бәсекесі болды. Азия чемпионы Айдар Қазов Олимпиада чемпионы Нижат Рахимовты шаң қаптырып, Қазақстан чемпионы атанды.

Біз күткен нәтижелер же көп болды. Арли Чонтей, Фархад Харки, Денис Уланов, Рүстем Сыбайлар өз дәрежелерін сақтап қалды. Әйелдер арасында Сәуле Садуақасова, Наталья Бердик, Әсем Садықовалар деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті.

Ауыр атлетикадан ҚР ҰҚК бас бапкері Юрий Мельников чемпионат қорытындысы бойынша былай деді:

- Маған чемпионат ұйымдастырылуы жағынан да, тақтайтұғырдағы бәсекелестігі жағынан да ұнады. Барлық өңірлердің қатыспағаны өкінішті, әрине, дегенмен, оған қарамастан өзін жақсы жағынан көрсеткен спортшылар көп болды. Елде талантты жастардың өте көп екенін айтқым келеді, бұл қуантпай қоймайды, әрине. Жалпы алғанда бәрі жоғары деңгейде өтті.

Бүгінгі күнге дейін, қарашада Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына кімдердің баратынын толық анықтап қойдық. Алайда біз ешкімге кепілдік бере алмаймыз. Бәрі атлеттің өзіне байланысты. Егер қандай да бір спортшы дайындық кезеңдеріндегі байқауда өзін көрсете алмаса, оның нәтижесі күтпеген жерден нашарласа, оны ауыстыруға тура келеді.

 

55 келідегі ерлер:

I орын: Арли Чонтей (110+130)

II орын: Руслан Фирсов (84+110)

III орын: Әли Төлеков (83+103)

 

61 келідегі ерлер:

I орын: Азамат Төлеген (99+128)

II орын: Игорь Вовчук (100+125)

 

67 келідегі ерлер:

I орын: Фархад Харки (128+163)

II орын: Бексұлтан Айтбай (106+150)

III орын: Ринат Баширов (105+135)

 

73 келідегі ерлер:

I орын: Анатолий Савельев (137+170)

II орын: Еламан Сейітқазы (131+162)

III орын: Владимир Васильев (132+160)

 

81 келідегі ерлер:

I орын: Айдар Қазов (148+191)

II орын: Нижат Рахимов (150+185)

III орын: Нұрғиса Әділетұлы (149+184)

89 келідегі ерлер:

I орын: Денис Уланов (160+200)

II орын: Артем Антропов (148+197)

III орын: Әлішер Сейітқазы (142+190)

 

96 келідегі ерлер:

I орын: Рүстем Сыбай (171+207)

II орын: Шыңғыс Сағындықов (145+190)

III орын: Нұржан Кеңесбек (142+184)

 

102 келідегі ерлер:

I орын: Илья Ильин (172+208)

II орын Әлішер Оразбек (130+160)

III орын: Эльдар Сембаев (105+140)

 

109 келідегі ерлер:

I орын: Александр Зайчиков (175+212)

II орын: Ибрагим Берсанов (170+190)

 

+109 келідегі ерлер:

I орын: Ердос Сайлау (152+196)

II орын: Евгений Колесников (125+150)

 

45 келідегі әйелдер:

I орын: Юлия Потасова (60+75)

II орын: Айнұр Әбдіхалықова (50+61)

III орын: Елена Переяславская (47+59)

 

49 келідегі әйелдер:

I орын: Наталья Бедрик (62+75)

II орын: Александра Лачкова (55+70)

III орын: Диана Абдуллаева (52+63)

 

55 келідегі әйелдер:

I орын: Зульфия Чиншанло (87+115)

II орын: Акмарал Ургешбаева (58+76)

III орын: Камиля Острикова (58+73)

 

59 келідегі әйелдер:

I орын: Сауле Садуақасова (86+112)

II орын: Лидия Ануфриева (81+99)

III орын: Гүлнұр Ыбрай (76+95)

 

64 келідегі әйелдер:

I орын: Әсем Садықова (101+127)

II орын: Карина Горичева (97+111)

III орын: Гүлдана Жүніс (79+102)

 

71 келідегі әйелдер:

I орын: Надежда Лихачева (110+135)

II орын: Екатерина Столяренко (90+120)

III орын: Софья Лоос (74+92)

 

76 келідегі әйелдер:

I орын: Екатерина Быкова (87+116)

II орын: Арай  Нұрлыбекова (86+107)

III орын: Анжела Чалкарова (87+105)

 

81 келідегі әйелдер

 I орын: Раушан Мешитханова (105+115)

II орын: Айым  Есжанова (76+102);

III орын: Анелия Сүмбембаева (72+93)

 

87 келідегі әйелдер:

I орын: Дарья Ахмерова (95+127)

II орын: Мария Базаркина (73+85)

 

+87 келідегі әйелдер

I орын: Александра Аборнева (105+143)

II орын: Айзада Мүптілдә (109+138)

III орын: Любовь Ковальчук (92+118)


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру