Ауыр атлетика 02 Қыркүйек, 2018 (0) (181)

Ауыр атлетикадан ҚР жеке-командалық чемпионаты аяқталуға жақын

Ерлер арасындағы 81 келі салмақта Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов 2015 жылғы Азия чемпионы Айдар Қазовқа есе жіберіп, екінші орынды місе тұтты. Серпе көтеруде Рахимов 150 келіні көтерді, жұлқи көтеруде тек бір ғана мүмкіндікті пайдалана алды, ол 185 келі болатын. Қазов (148+191) Нижаттан 6 келі ауыр көтерді. Нұрғиса Әділетұлы 149+183 нәтижесімен үшінші орынға ие болды.

Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Уланов 89 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды (160+200). Улановтан 15 келі кем көтерген жасөспірімдер арасындағы 2017 жылғы әлем және Азия чемпионы Артем Антропов (148+197) екінші орын алды. Қола жүлде Әлішер Сейітқазының (142+190) қанжығасында кетті. 

Енді әйелдерге келсек. 87 келіге дейінгі салмақта нәзікжандылар арасында бар-жоғы екі спортшы сынға түсті. Түркістан облысының өкілі Дарья Ахмерова алтын жүлдені иеленсе (95+127), Мария Базаркина (73+85) күміспен марапатталды

Ауыр салмақтағылар арасында бірінші орынға Александра Аборнева мен Айзада Мүптілда таласты. Айзада серпе көтеруде алға шыққан (109+138), алайда жұлқи көтеруде Аборневаға тең келер ешкім болмады (105+143). 3-орын Любовь Ковальчукке (92+118) бұйырды..


Бүгін, 2-қыркүйек - жарыстың соңғы күні, сағат 11.00-ден бастап 96 және 102 келі салмақ категориялары бойынша және 15.00-де 109 және одан ауыр салмақтарда ерлер сынға түседі. Qazsport телеарнасы турнирден тікелей репортаждар жүргізеді - https://kazsport.kaztrk.kz/ru/live


 

 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру