Футбол 02 Қыркүйек, 2018 (0) (138)

"Реал" "Леганесті" 4:1 есебімен жеңді

Испания чемпионатының 3-турында "Реал" өз алаңында "Леганес" клубымен кездесті. 

"Реал" ойын барысында толықтай басымдыққа ие болды. Қақпаға соққы жасау жағынан да, допқа иелік етуден де. Қақпаны алғаш рет мадридтіктер сапында алаңға шыққан Тибо Куртуа күзетті. 7 нөмірлі жейдеге ие болған Мариано Диаз қосалқы құрамда қалды. 

17 минутта Гарет Бэйл қонақтардың қақпасына алғашқы голды соқты. "Леганес" футболшылары 24-минутта бірінші шабуылын жасап, Карильо пенальтиден таразы басын теңестірді. 

Екінші таймда Бенземаның екі голы(50, 61 минут) және Рамостың(66 минут) пенальтиден салған голдары, есепті 4:1-ге жеткізді.  

Бұл жеңістен кейін "Реал" Испания чемпионатында 9 ұпаймен бірінші орында тұр.   


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру