Alaman Ақпарат 01 Қыркүйек, 2018 (0) (112)

Триатлоншы Аян Бейсенбаев Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды

Азия ойындарында триатлоннан ел намысын қорғаған Аян Бейсенбаев күміс жүлде иеленді. 

Қазақ жанкүйерлері спорттың бұл түрінен жүлде күтпегені рас. Бірақ дүбірлі додада намысқа тырысқан Аян Бейсенбаев Азиаданың күмісіне қол созды. Ол жүзу, веложарыс және жүгіруді 1:50:38 уақыт көрсеткішінде аяқтады. 

Аян Азия ойындарының чемпионы атанған жапондық Джампей Фуруядан 55 секундқа ұтылды. Үшінші орында қытайлық Мингсю Ли.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру