Күрес 31 Тамыз, 2018 (0) (43)

Гүлжан Исанова Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

Ол жұбаныш финалында Моңғолия спортшысы Мунхтуя Баттулганы жеңіп, ел қоржынына Азия ойындарының үшінші қоласын салды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Джакартада дзюдодан Дидар Хамза чемпион атанса, Отгонцэцэг Галбадрах, Елдос Жұмақанов қола медаль алған болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру