Футбол 31 Тамыз, 2018 (0) (140)

Саян Хамитжанов: «Ойындағы қиындыққа қарамастан, олар жігерлілік танытты»

 «Астана» ФК-ның президенті Саян Хамитжанов «Астананың» кипрлік АПОЭЛ командасын жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуына байланысты пікір білдірді: 


— Ең алдымен барша жанкүйерлерді Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққанымызбен және Конституция күнімен құттықтаймын! Команда бүкіл Қазақстанға мерекеге сыйлады. Қазақстан «Астананы» мақтан ете алады! Мен футболшыларға, бапкерлер штабына осы жетістік үшін алғыс білдіремін. Ойындағы қиындыққа қарамастан, олар жігерлерін танытып, осы жеңісті жұлып әкетті. Маусымдағы басты міндеттердің бірі — топтық кезеңге шығу жоспары орындалды. Төртінші рет қатарынан еурокубоктардың топтық кезеңінде ойнау — мақтан етуге тұрарлық жетістік.

— Саян Жақсыгелдіұлы, топтық кезеңде «Астананың» алдында қандай міндеттер тұр?

— Әзірге бұл туралы айтуға әлі ерте. Жеребеге көп нәрсе байланысты. Өткен маусымда 1/16 финалға шыққан соң, жігіттер сол жетістікті тағы да қайталағысы келеді. Бірақ, шынын айту керек, бұл өте қиын болмақ. Бірақ маусымның қалған бөлігіндегі негізгі мақсатымыз — ең алдымен Қазақстан чемпионы атағын қорғау.

Дереккөз: Астана клубының ресми сайты



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру