Футбол 31 Тамыз, 2018 (0) (167)

Серхио Рамос: «Чемпиондар лигасын қатарынан төртінші рет неге жеңбеске?»

"Реалдың" капитаны Серхио Рамос Чемпиондар лигасында жеңіске жетуді қалайтынын айтты.

«Біз үшін Чемпиондар лигасы - өзіндік ерекшелігі бар турнир. Өткен маусымда біз чемпион атандық. Үш рет қатарынан жеңдік. Төртінші рет неге жеңбеске? Тек алдымызға мақсат қойып, өзіміздің күш-жігерімізге сену қажет», - деді корольдік клубтың қорғаушысы.

Еске сала кетейік, «Реал» топтық кезеңде: ЦСКА, «Рома» және «Виктория Пльзень» клубтарымен кездеседі.  

Дереккөз: УЕФА/Сурет: Getty Images 


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру