Жекпе-жек 31 Тамыз, 2018 (0) (18)

Астанада FNG турнирі өтеді

Астана қаласындағы "Алау" спорт кешенінде FIGHT NIGHTS GLOBAL 88 турнирі өтеді, деп жазады alaman.kz сайты.

Аталмыш кәсіпқой жекпе-жек кеші ресейлік FIGHT NIGHTS GLOBAL және Alash Pride, Tobet Top Team ұйымдарының мұрындық болуымен өтпек. 12 кездесуден тұратын кеште Жалғас Жұмағұлов қазіргі чемпион Тагир Уланбековпен айқасады. Қазақстандық файтер 56.7 келі салмақтағы чемпиондық белбеуді елімізде қалдыруға ниетті.

Салмақ өлшеу рәсімінен соң Жалғас Жұмағұлов: "Барлығымыз Тагир Уланбеков - Вартан Асатрян кездесуі қалай аяқталған білеміз. Сол себепті, Тагирмен кездесуім басқа сценариде өрбуі үшін барымды саламын. Мен FNG-дағы әр кездесуімде маған қарсы келген жауынгерлердің ешқайсысына оңай соқпайтындығын дәлелдедім" деді.

Титулдық кездесуден басқа Alash Pride, Tobet Top Team клубтарының өкілдері октогонға көтерілетін болады.

Ресейлік лигада табысты өнер көрсетіп жүрген Жұман Жұмабеков, Жасұлан Әкімжан, Сәбит Жүсіпов секілді жауынгерлерімізге рейтингтегі орындарын жақсартуға үлкен мүмкіндік туып тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру