Футбол 30 Тамыз, 2018 (0) (161)

Қала базарлары арасында мини-футболдан турнир өтеді

Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен  «Жастар үні» ЖҚБ қала базарлары арасында мини-футболдан «Дүйсенбілік футбол-2018» турнирінің гранд-финалын ұйымдастырмақ.

Шараның басты мақсаты базар жастарын бірлікке шақырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Аталмыш жарыс 3 айға созылып, қаланың 40-қа жуық базарлары қатысты. Доп додасының салтанатты ашылуы 3 қыркүйек қала басшылығының қатысуымен өтеді. Әлеуметтік жобамыздың финалдық турында іріктеуден суырылып шыққан 16 базар өзара мықтыны анықтайтын болады.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар таратылады. Турнирдің жүлде қоры:

1-орынға – 300 000 теңге

2-орынға – 150 000 теңге

3-орынға – 100 000 теңге

Бұл шараның БАҚ арқылы сүйемелденуі турнирдің маңызын арттырып, мерейін үстем етпек. Келіңіз! Көріңіз! Ақпараттық қолдау білдіріңіз!

Өтетін мерзімі мен мекен-жайы: Жандосов көшесі 55/3, НарХОЗ университетінің алаңы; Уақыты: 10:00-15:00

Байланысу үшін: 87477747098, 87786261422.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру