Күрес 30 Тамыз, 2018 (0) (181)

Дидар Хамза дзюдодан Азия ойындарының финалында күреседі

81 келіде сынға түсетін дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарының финалына өтті.

Дидар жартылай финалдық сында Гран-при додаларының бірнеше мәрте жеңімпазы, жапондық Такеши Сасакиді таза жеңді. Енді ол финалда ирандық Саид Моллаимен алтынға таласады.  

Ал бүгін татамиге шыққан Зере Бектасқызы мен Севара Нышанбаевалар жартылай финалда жеңіліс тапты. Олар қола жүлдеге таласу құқығына ие болды. 57 келідегі С. Нышанбаева Тайпей балуанымен жолықса, 63 келідегі З. Бектасқызы моңғолиялық спортшымен кездеседі.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру