Сұхбат 30 Тамыз, 2018 (0) (339)

Наталья Бердик - ауыр атлетикадан Қазақстанның 7 дүркін чемпионы

Наталья Бердик - ауыр атлетикадан Қазақстанның 7 дүркін чемпионы

49 келіге дейінгі әйелдер арасында ҚРЧ жеңімпазы Наталья Бедрик: 

- Өзімнің қатысуыма көңілім толады, әрине. Тек, жұлқи көтерудің үшіншісінен бас тарттық, бірақ ол қорытынды есепке әсер еткен жоқ. 

- Наталья, ауыр атлетикаға қалай келдіңіз? 

- Мені бұл спортқа өзіммен бірге оқыған құрбым алып келді. Мен оның жаттығуына жай ғана барып, артынша ауыр атлетикаға аңсарым ауды. Ертеңіне залға келдім. 

- Сіз тіпті үш жылда жеті рет Қазақстан чемпионы атандыңыз!.. 

- Иә (күлді). Жаттықтырушым менің қабілетімнің күшті екенін айтады. Бірақ бірнеше рет тастап кеткен кездерім де болды.... Алайда 1-2 аптадан кейін шыдамай қайтып келетінім бар. Ондай кезде жаттығуды түк болмағандай бастай жөнелемін.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру