Ауыр атлетика 30 Тамыз, 2018 (0) (270)

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды.

Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты басталды.

Біріншіліктің алғашқы күнінде тақтайтұғырға 55 келідегі ерлер шықты. Мұнда 2017 жылғы Универсиаданың қола жүлдегері Арли Чонтейдің (110+130) алдына түсер ешкім болмады. Екінші орынға 46 келі айырмашылықпен Руслан Фирсов (84+110) жайғасты. Көшбасшылар үштігін Әли Төлеков (83+103) қорытындылады.

Әйелдер арасында 45 келіге дейінгі ең жеңіл салмақта Юлия Потасова (60+75) жеңімпаз атанса, оның ізін ала Айнұр Әбдіқалықова (50+61) және Елена Переяславская (47+59) екінші және үшінші орындарға жайғасты

49 келіге дейінгі әйелдер арасында Қазақстанның 16 дүркін чемпионы Наталья Бедрик (62+75) топ жарды. Александра Лачкова (55+70) мен Диана Абдуллаева (52+63) жүлдегер атанды


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру