Бокс 29 Тамыз, 2018 (0) (217)

Желіде Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегінің проморолигі пайда болды

Желіде WBC, WBA (Super) и IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің екінші кездесуінің проморолигі пайда болды.

Бейнежазбаны Leigh Simons Productions продакшн-компаниясы Vimeo.com сайтында жариялады.

Айта кетейік, екі боксшының бірінші кездесуі өткен жылдың қыркүйек айында болып, тең нәтижемен аяқталған болатын. Екінші жекпе-жек Лас-Вегас қаласының T-Mobile аренасында осы жылдың 15-қыркүйегінде өтеді.

Фотоколлаж leighsimons.com



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру