Alaman Ақпарат 29 Тамыз, 2018 (0) (222)

Дәрігерлер Елдос Сметовтың денсаулығы жақсарғанын мәлімдеді

Дзюдодан Қазақстан командасының бас дәрігері Наталья Кудашева Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовтің  денсаулығына қатысты тың ақпаратпен бөлісті.


Еске сала кетейік, бүгін Елдос Сметов екінші жекпе-жекте алған жарақатынан соң Джакарта ауруханасына жеткізілген еді. 

«Елдостың денсаулығы жақсы. Ол өзін жақсы сезіне бастады. Біз оны медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға алып барғанбыз. Қабырғасы аман, сынбаған. Енді оның денсаулығын қалпына келтіруге күш саламыз. Бізде бұған қажеттінің бәрі бар», - деді Кудашова. 

Елдос Сметов Джакартадағы атлетикалық ауылға қайта оралды.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру