Футбол 29 Тамыз, 2018 (0) (176)

Бруно Бальтазар: «Бізді қиын ойын күтіп тұр»

АПОЭЛ клубының бас бапкері Бруно Бальтазар баспасөз маслихатында журналистердің сұрағына жауап берді.

- Бізді қиын ойын күтіп тұр. «Астана» өз алаңында жақсы ойнайды. Сондықтан мұнда жеңу оңай емес деп есептеймін.  

- Ертең командаңыздан қандай ойын күтесіз?

-Біз мұқият ойнауымыз керек. «Астана» алғашқы минуттардан агрессивті ойнауға тырысады.

- Астанада қай футболшыны ерекше атап өтер едіңіз?

- Кабананга, Янг -  жылдам ойыншылар. «Астанада» жылдам футболшылар көп. Командалық тұрғыдан да,  «Астананың» мықтылығын атап өткім келеді.

-Жасанды алаң жайлы не айтасыз?

-Әрине, біз үшін жаңа тәжірибе. Бұл жайлы ойлау керек деп ойламаймын. Барлығы өзімізге байланысты.

- Ертең еурокубокте алғаш рет топтық кезеңге шығуыңыз мүмкін. Бұл сіз үшін бапкер ретінде ең маңызды ойын деп есептейсіз бе?

- Бұл әдеттегідей ойын. Басқа ойларды ысырып тастағым келеді. Ол көмектеспейді. Бізді ертең қиын қарсылас күтіп тұр.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру