Футбол 29 Тамыз, 2018 (0) (188)

Григорий Бабаян: «Мені тек ертеңгі ойынның нәтижесі қызықтырады»

«Астана» және АПОЭЛ арасындағы ойын алдында Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз маслихаты өтті.

-Бізде ертең жеңіске жетуге бар мүмкіндік бар. АПОЭЛ тәжірибелі команда. Олардың бір гол басымдылығы бар. Жанкүйерлердің қолдауына да сеніп отырмыз. Әрине, футболда тағы сәттілік керек.

-Қазақстан чемпионатында Щеткин соңғы ойында хет-трик жасады. Басқа шабуылшылардың алдында оның басымдылығы бар ма қазір?

-Алаңға шығуға барлығының мүмкіндігі бар. Кімнің бірінші минуттан бастап шығатынын ертең шешеміз. Ойын барысында да өзгерістер болуы мүмкін.

-Хорватиялық командамен өткен ойында сіз бапкер болсаңыз, нені өзгертер едіңіз?

-Ол енді тарих. Қалай жауап берерімді білмеймін. Маған тек ертеңгі ойын маңызды.

-Абзал Бейсебековтың айтуы бойынша Григорчуктың тактикасы командаға қолайсыз болған. Сіз қандай өзгерістер еңгіздіңіз?

-Стоилов бапкер болғандағы ойынды қайта ойнауға тырысудамыз. Тактикалық тұрғыдан өзгерістер бар.  

-Не үшін өзгерістер болып жатыр?

-Тез арада бар дүниені өзгерткім келмейді. Ол дұрыс емес ойлаймын. Стоиловтан алған тәжірибемнен командаға бапкерлік етудемін.  


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру