Теннис 29 Тамыз, 2018 (0) (208)

«Пинг-понг ханшайымы» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

27-28 тамыз күндері балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өткізілді.

Нәтижесінде чемпион атағын 13-16 жас аралығындағы  Рудный қаласынан келген  Ольга Ким, ал 9-12 жас аралығында Қарағанды облысы «Таңшолпан» балалар үйінен Тузова Евгения алды. Жеңімпаз ретінде олардың Шанхай қаласындағы спорт мектебіне баруға мүмкіндігі болады.

Шараны ұйымдастырып отырған ҚР үстел теннисі Федерациясының және ҚХР-дың Алматыдағы бас консулдығының қолдауымен «BAURZHAN Foundation» жеке қоры.

27 тамызда үстел теннисі Федерациясында баспасөз конференциясы мен турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Мерекеге ҚХР-дың Бас консулдығының өкілі Чжан Сяоцин, үстел теннисі федерациясының атқарушы директоры Малик Бейсалиев пен Нұр Отан партиясының Алматы калалық бөлімшесі төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев қатысты. Олар бірегей бұл әлеуметтік жобаның маңыздылығын айтып өтті.

Сондай-ақ ашылуда кәсіби спортшылардың қатысуымен шеберлік сағаты өтіп, жас спортшы қыздар өздерінің қабілеттерін шыңдай түсуге және жақсылап шынығуға мүмкіндік алды. Айта кететін болсақ, қыз балалардан еш жасқану мен ұялу болған жоқ, себебі бұл олардың турнирге екінші мәрте келуі.

Әрі қарай Қазақстанның 14 аймағынынан келген 34 тәрбиеленушілері арасында турнирдің 1-кезеңі өтті. Жас спортшы қыздар 9-12 және 13-16 жас аралығында ойнады.

Бұл турнирдің маңызы жайында «Baurzhan» қарынан  ұйымдастырушысы Динара Қадыр да айтып өтті: « Біздің «Пинг-понг ханшайымы» турнирін өткізудегі ең маңызды шабыттандырушымыз – балалар үйінің тәрбиеленушілері мен олардың спортқа деген қызығушылығы. Мына шара – оларға деген кішкене сыйымыз. Кім біледі, мүмкін осы турнирдің арқасында біреулері спорт әлемінен өз орнын тауып болашақта чемпион атанар».

28 тамыз күні жеңімпазды анықтау мақсатында ойынның финалы өткізілді. Чемпион атанған 9 жасар Евгения Тузова жас кішілігіне қарамастан, қарсыластарының алдында өзін көрсете білді. Оның айтуынша, ең бастысы дәлділік пен жылдамдық. Чемпион қыздардың екеуі де алдағы Шанхай қаласына болатын сапарымен қобалжулы

Қыздарды құттықтау үшін мерекеге арнайы Алматы қаласының маслихат депутаты Асылхан Толепов, Нұр Отан партиясының Алматы калалық бөлімшесі төрағасының орынбасары Қайым-Мұнар Табеев, балуан Ислам Байрамуков, ҚХР-дың Бас консулдығының жауапты атқарушысы Miao Hongbo арнайы келді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру