Ұлттық спорт 29 Тамыз, 2018 (0) (68)

Әлем мергендерінің өнері тамашаланды

Бүгін таңертеңнен Елордадағы «Қазанат» ипподромында әлем садақшыларының  қатысуымен мергендік бәсекесі басталып кетті.

Қырыққа жуық мергендер жаяу тұрып нысана атудан бақ сынады. Елу метрлік қашықтықтағы нысана атуда алматылық мерген Тұрысбеков Бақтиярдың алдына түскен ешкім болмады. Жиыны 69 ұпай жинаған Бақтияр Тұрысбеков бас жүлде – 300 долларды  ұтып алды. Екінші жүлде – 250 долларлық сыйлық 59 ұпай еншілеген Жамбы атудың сұрмергені, тараздық  Абзал Тулыбековке бұйырды. Үшінші жүлде – 150 долларды ресейлік садақшы Одиноков Сергей иеленді.

Ертең «Қазанат» атшабарында «Алтын жебе» халықаралық турнирі басталады. Жамбы атудың қызығын тамашалауға асығыңыздар, қадірлі жанкүйер! Турнир бағдарламасы төмендегідей.

 30 тамыз

10.00 -12.30         Турнирдің І кезеңі «Азиялық стиль»

12.30 -15.00         Түскі үзіліс

15.00 -15.30         Турнирдің салтанатты ашылуы

15.30 -18.30         Турнирдің ІІ кезеңі «Түрік стилі»

31 тамыз

14.00-17.00          Турнирдің ІІІ кезеңі «Қазақ стилі»       

17.00-17.30           Жеңімпаздарды марапаттау. Турнирдің салтанатты жабылу рәсімі


ethnosport.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру