Футбол 29 Тамыз, 2018 (0) (219)

«Астана» топтық кезеңге шығады деуге негіз боларлық төрт дерек

«Астана» және АПОЭЛ Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде 30 тамыз күні жауапты кездесуін өткізеді. Осы ойында елордалық клуб топтық кезеңге қалай шығуы мүмкін екенін талқылап көрейік. 

Статистика.

«Астана» АПОЭЛ клубымен «Астана Аренада» екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Алғаш рет 2015 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде 1:0 есебімен жеңді. 2016/17 жылғы маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде 2:1 есебімен жеңген болатын. Ендігі ойын, Астанадағы үшінші кездесу болмақ. Кипрде кездесулерді қосқанда, алтыншы ойын.

Григорий Бабаян.

Иә, «Астана» клубының ойыншыларын осы бапкер жақсы білетіні сөзсіз. Роман Григорчук маусымның ортасынан жұмысын бастап, ойыншыларға толық үйренісе алмағандай... Украиналық бапкермен өткен Чемпиондар лигасының соңғы үш ойынында «Астана» командасы гол соқпады. («Мидтьюлланд» - «Астана» 0:0), («Астана» - «Динамо Загреб» 0:2), («Динамо Загреб» - «Астана» 1:0).

Тек елордалық клубтағы бапкерлік мансабын алсақ, Бабаянның Григорчукке қарағанда «Астана» футболшыларын көбірек білері сөзсіз. Себебі, Григорчук тәжірибелі бапкер болса да, маусымды «Астана» ойыншыларымен бастамаған соң, бейімделуге уақыт жетпеген болуы мүмкін.

Синтетикалық газон.

«Астана Аренада» көп футболшылардың жасанды шөп үшін наразылық білдіргендері бар. Подольски, Ван Персидің айтқандары естеріңізде шығар...

Жанкүйерлер.

Бұл "Астана" ойыншылары үшін еурокубоктегі соңғы  ойын болуы мүмкін. Сондықтан, жанкүйерлердің футболшыларға көмек берері сөзсіз. Ең кемінде 25 000 жанкүйер келеді деп күтілуде.  

Сурет: kazfootball.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру