Футбол 28 Тамыз, 2018 (0) (119)

«Астана» - «АПОЭЛ» кездесуінің бас төрешісі тағайындалды

УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңі аясындағы «Астана» - АПОЭЛ кездесуіне даниялық Якоб Келет бастаған төрешілер құрамы қазылық жасайды.

«Легия»- «Астана» кездесуінің бас төрешісі АПОЭЛге қарсы ойында төрелік етеді

Келет осыған дейін «Астана» командасының еурокубок аясындағы Варшавада өткен «Легияға» қарсы ойында қызмет жасаған болатын. Ол кездесуде астаналықтар сапынан Дмитрий Шомко, Иван Маевский және Патрик Твумаси сары қағазбен жазаланған еді. Ал ойын 0:1 есебімен поляктардың пайдасына аяқталған болатын. 

Келетке Астанадағы кездесуде отандастары Хенрик Ларсен мен Хейне Соренсен көмектеседі. Кездесудің қосалқы төрешісі – Михаел Тикгаард. «Астана» - АПОЭЛ арасындағы ойын «Астана Арена» спорт кешені алаңында 30 тамыз күні 20:00-де өтеді.



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру