Футбол 28 Тамыз, 2018 (0) (132)

Ғаламтор желісінде "Ұлттар лигасының" ресми добы пайда болды

Еуропа футбол қауымдастығының жаңа турнирі "Ұлттар лигасы" ресми добының дизайны ғаламтор желісіне шықты. Бұл туралы footballheadlines.com порталы хабарлайды.

55 елдің құрама командалары бақ сынайтын доданың добы күміс түстес болып келеді және түрлі-түсті өрнектермен безендірілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұл турнирге Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Оның тобында Грузия, Андорра және Латвия командалары бар. Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 6 қыркүйек күні Астанада Грузияға қарсы өткізеді


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру