Күрес 27 Тамыз, 2018 (0) (83)

Абылайдың асында шаппағанда...

Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты аяқталды. 20 елдің 80 сайыпқыранын жинаған беделді жоғары турнир Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті.

Өз жеріміз, өзіміздің ұлттық спортымыз, өзіміздің жігіттер. Қазақ құрамасы 5 алтын жүлдемен жалпыкомандалық бірінші орынды да жеңіп алды. 

Монғолия, Қырғызстан сынды елдер ең мықтыларын әкелді елордаға. 8 салмақ дәрежесінде белдескендер ішінде Е. Алдухан(55 келі), О. Дауылбай(60 келі), Е. Сейітқазынов(82) алтынмен апталса, ауыр салмақтағы Әділжан Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаровтар да еш күмәнсіз жеңіске жетті.  


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру