Футбол 26 Тамыз, 2018 (0) (431)

Еркебұлан Сейдахмет және Еркебулан Сейдахмет. Сейдахметті Google-да ең көп қашан және қалай іздеген?

Еркебұлан Сейдахмет – Google іздеу жүйесінде. Толығырақ...

 «Уфа» клубының жас футболшысы Еркебұлан Сейдахмет жайлы жанкүйерлердің көп іздегені бар. Енді, «Google» іздеу жүйесінде қалай, қашан және не үшін екенін бірге анықтап көрейік.

Еркебұлан Сейдахмет еліміздің үміт артар футболшысы екені рас. 19 жасқа толмаған жас футболшыны БАҚ өкілдері «Қазақтың Мессиі» деп атап кетті. Иә, бұл лақап аты да "Уфа" клубының сол кездегі бас бапкері Сергей Семактың, Сейдахметті "Лео" деп атауына да себеп болды.  

Google-да Сейдахметті 2017 жылы аз іздеген. Тіпті, Еркебұлан Сейдахмет деп тексеріп жазсаңыз, тексеру жүйесінде таппайды. 

2018 жыл Сейдахметтің мансабынан бөлек, google іздеу жүйесінде көп ізделуіне қатты әсер етті. Басты себеп "Уфа" клубына ауысуы. Одан бөлек "қазақтың Мессиі" деген лақабаты да әсер етті-ау... 

2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін, Еркебұланды орысша "Еркебулан Сейдахмет" деп іздеу аз болған.  Қазақша мүлдем іздеу жүйесінде болмаған. 

2018 жылы Қаңтар айында  БАҚ арасында Еркебұланның трансфері жайлы сыбыстар көбейді. 7 қаңтардан бастап қазақша іздеу де көбейген. 

2018 жылы 7-ші және 13 қаңтар аралығында Google-да "Казахский Месси" деген ізденіс көбейе бастаған. 

Орысша Еркебулан Сейдахмет деп, осы жылы 18 және 31 наурыз аралығында ең көп ізделген уақыты екен. Себебін өздеріңіз де білетін шығарсыздар... "Уфа" клубына ел назарында жүрген "Қазақтың Мессиі" келді. 

Қазақша ізделгені, орысша іздеу жүйесімен салыстырғанда шамамен 60 пайызға кем десек болады. Қазақша Еркебұлан Сейдахмет деп, 3-ші және 9 маусым аралығында ең көп іздеу жүйесінде болған. 

Сейдахметтің "Уфа" клубына әсер етуі.

Ресейлік БАҚ Еркебұланның "Уфа" клубына ауысқан сәтінен бастап, youtube - тағы роликтардың көрінісі көбейгенін дәлелдеген.

Google-да Сейдахметті басқа қалай іздейді?          

1. Еркебулан Сейдахмет Уфа

2. Еркебулан Сейдахмет Биография 

3. Еркебулан Сейдахмет Зенит 

4. Еркебулан Сейдахмет новости 

5. Еркебулан Сейдахмет зарплата 

6. Еркебулан Сейдахмет рост 

7. Еркебулан Сейдахмет статистика 

8. Еркебулан Сейдахмет ВК

9. Еркебулан Сейдахмет трансфер 

Сурет: kazfootball.kz 

 



Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру