Футбол 26 Тамыз, 2018 (0) (134)

«Ливерпульдің» қақпашысы «Бешикташ» клубына ауысты

«Ливерпуль» клубының қақпашысы Лорис Кариус «Бешикташ» клубына ауысты.

Кариус 2016 жылдың мамыр айында ағылшын клубымен 5 жылға келісімшартқа қол қойды. Ағылшын премьер-лигасында 2017/18 жылғы маусымда 19 ойында, 14 гол жіберді.

Жазғы трансфер маусымында «Рома» клубынан Алисон Бекер «Ливерпуль» клубына ауысып, негізгі қақпашы рөлін алып алған болатын.

Кариус 2019/20 жылғы маусымның соңына дейін жалға берілді. Айта кетейік, «Бешикташ» Түркия чемпионатының алғашқы екі турын жеңіспен бастады.

Дереккөз: Ливерпуль клубының ресми сайты

Сурет: eurosport.ru


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру